Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткі сатқан жасөспірім сотталды

Жеңіл ақша таппақ болған жасөспірім 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенге жұмыс істеп келген.

Қаладағы колледждердің бірінде оқитын 17 жастағы жасөспірімді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылдың қараша айында ұстады. Тінту кезінде жеткіншектен 50 гр. болатын аса ірі көлемдегі «α-PvP» есірткісі тәркіленді.

Сәуір айында үкім шығарылған кезде ол 18 жасқа толмаған болатын. Осыны ескере отырып, сот жазаны қысқарту туралы шешім шығарды. Соған қарамастан, қылмыскер жастық шағының 5 жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді.

— Өткен жылы осындай жолмен оңай олжаға кенелуді жоспарлаған кәмелетке толмаған бес жасөспірім ұсталды. Аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін заңнамамен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – дейді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

 

Жазатайым оқиғаға әкеліп соқтырған оқиғаға байланысты сүт үкімі шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *