Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ластанған аумақтардың картасы әзірленеді

Солтүстік Қазақстан облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында басталған «Таза бейсенбі» республикалық акциясына қатысты. Өңір тұрғындары іс-шара аясында елді мекендерді қоқыстан тазартты.

«AMANAT» партиясы СҚО филиалының мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын саналы экологиялық қоғам құру. Өңірлерде алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленбек. Одан кейін әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен филиалдары бекітіліп, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешеді.

Тазалық
Фото: «AMANAT» партиясы СҚО филиалы

СҚО-да «Таза бейсенбі» акциясына 800-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде партиялықтар, спортшылар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, зейнеткерлер мен депутаттар бар. Петропавлда белсенділер 20-шы ықшам ауданды қыс бойы жиналып қалған күл-қоқыстан тазартты.

— Жуков көшесі, 5в мекенжайының маңында орналасқан учаске алдын-ала таңдалып алынған. Жұмысқа «Новинтех» және «Коммунхоз» ЖШС ұсынған 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 100-ден астам волонтер мен белсенді қосылды. Айта кетейін, бұл акция апта сайын өтетін болады, — деді «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

84 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *