Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

CҚО-да суға шомылу маусымы басталды

Маусымның 1-нен бастап облыста суға шомылуға ресми түрде рұқсат берілді. Қазір мамандар  өзен-көлдерде тәулік бойы күзет ұйымдастырған.

Солтүстік  Қазақстанда 2000-нан астам су айдыны бар. Бірақ соның 60-да ғана суға шомылуға рұқсат етілген. Ал Петропавлда мұндай екі орын ғана бар. Ол Пестрое көлі мен Есіл өзені бойындағы қалалық жағажай. Қазіргі кезде бұл орындарда құтқарушылар тәулік бойы күзет етеді.

— Маусымның бірінен облыста ресми түрде шомылу науқаны ашылды. Ол отызыншы тамызға дейін жалғасады. Мамандар жазғы шомылу маусымына жіті дайындалды. Құрал-жабдықтардың барлығы тексерістен өтті. Қазір жағажайларда құтқарушылар күндіз-түні бақылау жүргізіп жатыр. Әзірге ешбір қайғылы оқиға тіркелген жоқ, – дейді азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ризабек Темірбеков.

Былтыр облыста бес адам суға кеткен. Оның біреуі -бала. Осыған байланысты биыл мамандар алдын алу шараларын күшейткен. Арнайы бейнероликтер жасап, ата-аналар чаттарында таратқан. Мектептерде сынып сағаттарын өткізіпті.

— Қазір жазғы демалыста жағажайда демалушылардың қатары көбейеді. Ауа райы құбылмалы болып тұрса да, суға шомылатындар бар. Кейбірі рұқсат етілмеген жерлерде шомылып жатады. Ол жерде құтқарушылар кезекшілік етпейді. Сондықтан рұқсат етліген аймақта ғана шомылған жөн. Әйтпеген жағдайда, ҚР Әкімшілік кодексінің 412 бабы бойынша жауапкершілікке тартамыз, – деді Ризабек Темірбеков.

Ал бұл бап бойынша «Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамауға» қатысты айыппұл салынады.

Тайынша ауданында мектеп пен спорт кешені салынуда

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *