Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Өндіріс ошақтарының бірінде 22 жастағы жігіт көз жұмды

Петропавлдағы өндіріс ошақтарының бірінде 22 жастағы жігіт қаза тапты. Оның үстіне топырақ үйіндісі құлаған.

Үшінші маусым күні Петропавлдағы көпсалалы ауруханаға жұмыс кезінде ауыр жарақат алған жігіт жеткізілді. 22 жастағы жұмысшы «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС аумағындағы құрылыс басында зардап шеккен. Ол су құбырын өткізу үшін шұңқыр қазып жатқанда топырақ үйіндісінің астында қалған. Жігіт жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілгенімен, операция барысында көз жұмды.

 — Бұл факті «Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал еңбек инспекциясы бұл фактіні тіркегенімен, іспен сот айналысатын болады деп отыр. Себебі, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қызмет көрсету шарты жасалмаған.

 — Тапсырыс беруші «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС болағынмен, бас мердіргер ADF COMPANY ЖШС, ал қосалқы медіргер «Грант Строй» ЖШС. Қаза болған жігіт осы серіктестікте жұмыс істеген, – деп нақтылады СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы жетекшісінің орынбасары Азат Көшербаев.

CҚО-да суға шомылу маусымы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *