Смайылов жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды ұсынды
Әлихан Смайылов депутаттарды автомобиль өнеркәсібіне жүргізген аудитінің қорытындысымен таныстырды.
«Шұғыл шешуді талап ететін елеулі жүйелік кемшіліктер анықталды, жалпы алғанда, соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға және күтіп ұстауға 1,9 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Аудит бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі небәрі 72 пайызды құрайды.Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі фактор ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақты бұзып өтуі болып табылады. Тасымалдау процесіне жекелеген қатысушылардың мүдделерін лоббирлеу және мемлекеттік органдардың принципті ұстанымының жоқтығынан бұл мәселе көп жылдар бойы бар және шешімін таппай келеді», — деді ол.
— Бізге жалпы пайдаланымдағы жолдармен ауыр жүк көліктерінің жүруіне үзілді-кесілді тыйым салу және мемлекетке келтірілген залал үшін жауапкершілікті күшейту қажет, — деп атап өтті УПА басшысы.
Алдағы жылы электр қуатының тарифі өседі