Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қоныс аударушыларға биыл 886,5 млн теңге шамасында төлем жасалды

Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері жұмыс күші артық өңірлерден 288 отбасы және қандастардан 55 отбасы қоныс аударған. 

СҚО Еңбек ұтқырлық орталығының мәліметінше, өңірге қоныс аударғандардың жалпы саны – 939 адам. Оларға 886,5 млн теңге шамасында субсидия берілсе, соның 211 млн теңгесі көшуге, 103,5 млн теңгесі пәтер жалдауға және 571 млн теңгесі қалған шығындарына жұмсалған, оның ішінде отбасының әр мүшесіне берілетін 70 АЕК мөлшері сомасындағы бір реттік төлем де бар.

 — Қазіргі уақытта еңбек ұтқырлық орталығы жанынан консультациялық, ақпараттық, аударма, білім беру және басқа да бейімдеу қызметтерін көрсету мақсатында қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және интеграциялау бөлімі ашылды. Бөлімнің негізгі міндеті – өңірге келген қандастар мен олардың отбасы мүшелерін уақытша орналастыру орталығына орналастыру. Көшіп келушілер мұнда уақытша және тегін тұрады. Ал, этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері қандас мәртебесін алғанға дейін орталықта тұрады, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқанға дейін, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде тұра алады, — дейді СҚО еңбек ұтқырлық орталығының мамандары.

Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне сондай-ақ ақпараттық және анықтамалық қызметтер, аударма бойынша қызметтер, жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көмек тегін көрсетіледі. Бұдан бөлек қандастарға Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері, заңнама негіздері және шағын бизнес ашу бойынша оқыту курстары ұйымдастырылады. Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелерін шешуге де көмек беріледі.

СҚО-да сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *