Аудан тұрғындарына су тасқыны келтірілген залал өтелуде
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тоғыз өтініші бойынша мүліктің тізбелері мен меншік құқығын растайтын құжаттар қаралды.
Әр отбасына 100 АЕК, одан бөлек, Новоишим ауылынан 6 отбасына жалпы сомасы 2215,2 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем, сондай-ақ жылжымалы мүлікке материалдық залалды өтеу бойынша 2845 мың теңге өтемақы берілді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қаражат есебінен 1 млн. теңгеден астам сомаға қаржылай көмек көрсетілді.
Үкіметтің қаулысына сәйкес тұрғындарға төтенше жағдай салдарынан қираған немесе тұруға жарамсыз болған тұрғын үйдің жалпы ауданынан кем емес мөлшерде Новоишим ауылында дайын тұрғын үйді таңдау мүмкіндігі берілді. Сатып алынатын тұрғын үйлерге бағалау және техникалық тексеру жүргізілді. 7 тұрғынға “QYZYLJAR ASAR” корпоративтік қорының қаражаты есебінен 122 855 000 теңгеге тұрғын үйлер сатып алынды.