Петропавлда электр көліктерді қуаттайтын орталық ашылады
Қазақстан бойынша шамамен 220 станция орнату қажет. Оның басым бөлігі республикалық маңызы бар жолдарда салынады. Ол туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.
Еліміздегі электр көлігін қуаттайтын станциялардың жалғыз операторы KAZENERGY компаниясы саналады. Оның айтуынша, бұл жоба бойынша екі компания арасында меморандумға қол қойылады. Ел бойынша барлығы электр көлігін қуаттайтын 220 станция салыну керек болса, соның 40 биыл орнатылатын болады.
— Бұл мәселе пысықталып жатыр. Қазір республика бойынша 150 станция орнатылды. Оның 50-і республикалық маңызы бар жолдардың бойында тұр. Негізгі дәліз ретінде Астана-Алматы, Петропавл, ШҚО, Алматы облысы, Жетісу бағыты таңдалды,- деді Дархан Иманашев.