Мектеп директорлары «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәжірибе алмасады
Мемлекет басшысының тапсырмасы және Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысының жобасы әзірленуде. Жобаның мақсаты – кәсіби көшбасшыларды іріктеу және дайындау, деп хабарлайды тілшіміз Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында аталған жоба пилоттық режимде іске қосылды деп мәлімдеді.
Сондай-ақ министр тәжірибелі мектеп директорларының биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәжірибе алмаса алатынын айтты.
«Министрлік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, мықты және тәжірибелі басшыларды «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық шетелдік тағылымдамаға жіберу жөнінде шаралар қабылдауда», — деді Ғ. Бейсембаев.
Сонымен қатар білім саласында 30 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.
«Министрлікке мұғалімдердің көп жылдар бойы жұмыс істесе де өз еңбегі үшін марапатқа ие болмағаны туралы өтініштер жиі түседі. Біздің әрқайсымыз үшін мұғалім – бұл біздің өмір жолымызды анықтайтын, жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайтын адам. Мұғалім бүкіл ұрпақты оқытады және тәрбиелейді. Николай Алексеевич Некрасовтың «Мұғалім, сіздің атыңыздың алдында кішіпейілділікпен тізе бүгуге рұқсат етіңіз…» деген сөзін бәріңіз білесіздер. Сондықтан біз мұғалімнің бас әріппен жазылған мұғалім ретіндегі бұрынғы имиджін жандандыруға міндеттіміз», — деді министр.