Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты

Кеше Жамбыл Жабаев көшесі бойынша орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 100-ге тарта петропавлдық қауіпсіх жерге шығарылды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

СҚО ТЖД мәліметінше, өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын шыққан сәтте көпқабатты үйдің іші көк түтінше оранды. Салдарынан тұрғындарға ғимараттан өздігінен шығуға мүмкіндік болмады. Сондықтан өртсөндірушілер бірден эвакуациялау жұмыстарын бастап кетті.

Петропавлда тоғыз қабатты үйде өрт шығып, 100-ге жуық адам эвакуацияланды

— Өртсөндірушілер 97 адамды ғимараттан баспалдақ арқылы эвакуациялады. Бұған қоса, автосатының көмегімен жоғары қабаттарда қалып қойған 29 адам, соның ішінде 6 бала аман-есен құтқарылды,- деп жазылған  СҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

МӘМС істе: 6 сантиметрден асатын ісік

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *