Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы әлеуметтік нысандарға тексеріс жүргізілді

«AMANAT» партиясы филиалының өкілдері «Береке» шағынауданындағы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін тексерді. Мониторинг тобының мүшелері емхана мен балабақшадағы мүгедектерге қолайлы екендігін бағамдап, талаптардың бұзылғанын анықтады.

Белгілі болғандай, №2 қалалық емхананың филиалында үш көтергіштің біреуі ғана жарамсыз екені анықталды.  Тактильді жолақтар жоқ, тұрғындар үшін Брайль қарпі ғана қолжетімді болып отыр екен.

— Біз үшін жаңа нысандардың қағаз жүзінде емес, іс жүзінде барлық тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы маңызды. Бұл мәселе техникалық жағынан да, кадрлық тұрғыдан да жүйелі сипатқа ие екенін көріп отырмыз, — деді мониторингтік топ мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ирина Эктова.

2025 жылдың ақпан айында ашылған жаңа балабақшада да мәселелер бар. Мұнда пандус стандарттарға сай емес, борттар мен қол тұтқалар орнатылмаған. Шақыру түймесі жоқ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әжетхана мүлдем қарастырылмаған. Тек орталық кіреберістегі пандус бар, лифт жұмыс істейді.

Мониторинг қорытындысы бойынша партия мүшелері анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде басшылыққа ұсыныстар беріп, материалдарды тиісті органдарға шара қабылдау үшін жіберді. Мониторингтік топ ескертулер толық жойылғанға дейін жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Татарстан мен СҚО арасындағы әріптестік нығая түспек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *