Тимирязев ауданында жолдар жөнделіп жатыр
Тимирязев ауданының жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр. Бүгіндері Есіл ауылында ұзындығы 19 шақырымды құрайтын жолға қиыршық тас төселіп, Дружба және Целинное елді мекендерінде жұмыс қызған.
Тимирязев ауданына қарасты Есіл ауылының кіреберіс жолы жылдар бойы жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен күретамырды ретке келтіруге биыл 258 млн. теңге бөлініп, қиыршақ тас төселді.
Тимирязев ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Болат Абдрахиевтің айтуынша, қазіргі уақытта аудандық маңызы бар «Октябрь – Есіл – Ақсуат» тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш шаруамен «Сотис-Групп» компаниясы айналысса, ал техникалық жағынан «Нұралем-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қадағалап отырды.
– Дружба ауылынан апарар жол соңғы рет 2019 жылы жөнделді. Қазіргі уақытта аталмыш учаскіде 13 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 2 шақырымға асфальт жамылғысы төселді. Келісімшарт бойынша жобаның құны 268 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания жұмысты қыркүйек айының соңында аяқтамақ, – дейді Болат Абдрахиев.