Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО аумағында 31 заңсыз қоқыс алаңы жойылды

Облыс аудандарында полицейлер, экологтар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мамандарынан құрылған 77 мобильді топ заңсыз қоқыс тастайтын орындарды анықтады. Олардың күшімен 94 қалдықтарды тастауға рұқсат етілмеген жер табылды.

Арнайы рейдтік шара барысында ең көп қоқыс шоғырланған орындардың 36-сы Қызылжар, 19-ы Мамлют және 14-і Аққайың аудандарында орналасты. Сондай-ақ 8-і Петропавл аумағында тіркелді. Қажетті материалдар аталған құқық бұзушылықтар  бойынша  шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

– Қазірдің өзінде 800-ден астам рейдтік іс-шара өткіздік. Сондай-ақ акция барысында 5814 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 964-і –  жалпы пайдаланудағы жерлерді ластау, ал 4850-і абаттандыру ережелерін бұзу фактілері болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің «таралуын» тоқтатып қана қоймай, адамдардың арасында елді мекендер мен облыс табиғатының ластануына нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

59 жастағы азамат анасын өлтірді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *