Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ерекше тауарларға бақылау заңнамасын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ерекше тауарларды бақылау туралы заңнаманы сақтамағандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 275, 286-баптары бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463, 545-баптары бойынша жауапкершіліктер көзделген.

– 2023 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада Бақылау тізіміне лицензиясыз және ерекше тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындысыз енгізілген тауарларды өткізудің 169 әрекеті,  биыл 26 жағдайы анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар рұқсат құжаттарын алу үшін Өнеркәсіп және құрылыс комитетіне жіберілді. Ерекше тауарларды бақылау туралы заңды іске асыру шеңберінде құжаттар мен мәліметтерді тексеру,  тексеру жүргізу ережелері, ерекше тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану ережелері қабылданды, ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесі бекітілді, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков.

Жалпы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, мүше мемлекеттердің Кеден одағы шеңберінде кедендік декларациялау мен мемлекеттік бақылауды қолданбай, мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тауарларды еркін өткізу жүзеге асырылады. Ал шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, өнімді шығарушы ел Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағына экспорттауға тыйым салған жағдайда  тауарлардың  жекелеген түрлерінің тізбесін Сауда және интеграция министрлігі қалыптастырады және бұл жөнінде www.traderadar.kz ресми интернет-ресурсында жариялайды.

5 мыңға жуық жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *