Құтырмаға қарсы 25 мыңға жуық вакцина берілді
Облыста түлкі, қарсақ, жанат тәріздес ит сияқты жабайы жануарларға биыл құтырма ауруының алдын алу үшін вакцина беріліп жатыр. Осы мақсатқа 24 800 дана арнайы брикет әзірленген.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, жем брикетке қосылған вакциналар жабайы жануарлар жүретін жерлерге қойылды. Бұл шаруаны атқаруға ветеринарларға қорықшылар көмектесті.
Жалпы биыл құтырмамен күресу үшін 250 240 мың жануарды егу жоспарланған. Бүгінге дейін 91 мыңға жуық жануарға вакцина қойылды, оның ішінде 35 мың ірі қара мал, сонша қой-ешкі, 11 мыңнан астам жылқы, 6,5 мың ит және 2,5 мың шамасында мысық бар.
Мамандардың айтуынша, облыста құтырма және жануарлардың басқа да аурулары бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталған. Биыл зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша құтырманың үш дерегі тіркелді. Оның бірінде ауруды түлкі әкелсе, тағы екі жағдайда екі итте расталды.
— Қызылжар ауданында 2 елді мекенде және Ғ. Мүсірепов ауданында бір елді мекенде құтырмаға қарсы шектеу еншізіліп, бүгінде ол алынды. Жағдай тұрақты. Құтырма — вирустық ауру, жедел өтеді, жұқпалы, соңы өлімге әкелетін ауру. Орталық жүйке жүйесін ауыр зақымдайды. Құтырма вирусы жұқтырғанмен байланыста болудан тікелей жұғады. Сондай-ақ құтырма ауру жануар қапқанда қан, сілекей арқылы таралады, — дейді ветеринарлар.