Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Балабақшадағы былық

Облыс прокурорлары Айыртау аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қадағалаушы орган білім беру саласын тексеру барысында бірқатар былықтың бетін ашты. 

Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның қызметкері келтірілген зиянды мемлекет бюджетіне толық көлемде өтеді. Бұдан бөлек 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінде қызметкерлердің жоқ балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады. Бұл 2021-2024 жылдар аралығында болып, үш жылға жалғасқан.

Айыртау аудандық прокуратурасы осы аудандағы білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Мамандар, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Бұдан бөлек тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі секілді бірқатар фактілер анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.

СҚО тұрғындары жылу үшін артық төлеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *