Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Спорт күніне салтанатты шара өтті

Биыл Жастар сарайында Спорт күні қарсаңында салтанатты жиын ұйымдастырылып, бірқатар спорт саласының майталманы марапатталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев қатысты.

Өңір басшысының орынбасары соңғы жылдары облыста спорттық нысандар салынып, саламатты өмір салтына бет бұрған азаматтар қатары артқанын айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 2029 жылға дейін дене шынықтыру және спортпен айналысып жүргендер саны халықтың 50 пайызын құрауы тиіс деген болатын. Бұл ретте, облыс басшылығы Президенттің қойған міндетін орындауда аянбай тер төгуде.

Өңіріміз талай талантты спортшыларды тәрбиелеп өсірді. Теріскей топырағынан түлек ұшқан Александр Винокуров, Жанат Жақиянов сынды спортшылар облыс атын күллі әлемге танытты. Олардың жолын Алексей Луценко, Ризабек Айтмұқан, Әмір Зәкіров және Ербол Хамитов сынды саңлақтарымыз жалғастырып келеді. Командалық спорт түрлерінде де жерлестеріміз жоғары белестерді бағындыруда. «Қызылжар» футбол клубы, «Қуаныш», «Есіл» волейбол командалары биылғы маусымда өз жеңістерімен жанкүйерлерін қуантатынына сенімдімін. Мерекеде облыс әкімінің және өзімнің атымнан барша сала қызметкерлерін құттықтаймын. Сіздерге толағай табыс тілеймін, –  деді Қанат Дүзелбаев.

Салтанатты жиында бір топ спорт саласының қызметкері, ардагерлер мен саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып келе жатқан азаматтар  марапатқа ие болды. Оларға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ су тасқынын алдын алуға және салдарын жоюға атсалысқандар да назарсыз қалмады.

Кәсіби мерекелерінде Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары да өз иелерін тапты. Облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушы-оқытушысы Дастан Қабденовтің шәкірті Наталья Богданова биыл Ұлттық құрама сапына алынып, бокстан бірнеше халықаралық және республикалық жарыстарға қатысты. Білікті спортшыны дайындаған бапкерінің еңбегі де өлшеусіз қалмады.

Зияткерлік меншік құқығын бұзғандарға жауапкершілік күшеймек

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *