СҚО-ның 49 тұрғыны коронавирус жұқтырды
Өткен жеті айда облыста 49 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы қаңтар-шілде айларында коронавирус 317 тұрғында анықталды.
Биыл сырқаттанғандардың 42-сі – ересектер, үшеуі – 15-17 жас аралығында болса, қалған төртеуі – 14 жасқа дейінгі бала.
— Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай қазіргі уақытта тұрақты. Соңғы 3 айда — мамыр, маусым, шілдеде КВИ жағдайлары тіркелген жоқ. Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция, КВИ ауруларының алдын алу үшін бөлмені үнемі желдетіп отыруға, қолды жуу үшін үнемі антисептикалық құралдарды пайдалануға, ауру адамдармен байланысты шектеуге, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде бетперде пайдалануға, уақытылы медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.