СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Жүсіп Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Жүсіп Жұмағұлов — президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы болып бастаған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.
Әр жылдары Елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Сарыарқа» ауданының әкімі болды.
Астана қаласының «Нұра» ауданының әкімі болып жұмыс істеген.