Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

19 жастағы жігітті пышақтаған оқушы сотталды

Петропавлда 19 жастағы жігітті пышақтаған № 44 орта мектептің оқушысына қатысты сот отырысы өтті. Оның нәтижесінде жасөспірім кінәлі деп танылып, 3 жарымға жылға бас бостандығын айыру жазасы кесілді. 

Естеріңізге салсақ, оқыс оқиға биыл Петропавлда мамыр айында орын алды. Қаладағы № 44 орта мектептің аумағында 18 жастағы С. оқушыс Қ.-мен сөзге келмей, төбелес шығарған. Салдарынан жасөспірім 19 жастағы жігітке пышақ сұқты.

Сот отырысында прокурор С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраған.  Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Мұны сот есепке алып, жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарады.

— Сот үкімімен С. ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдердің жиынтығы бойынша С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Сотталған оқушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтемек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тайыншада 4 қарақшы 640 мың теңгенің дүниесін қолды еткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *