Жарияланған күні: 03.09.2024
Қыркүйектің 21-і мен 22-сі күндері Петропавлда су болмайды
Облыс орталығында қыркүйектің 21-і мен 22 -сі күндері аралығында тіршілік нәрі берілмейді. Осы уақытта «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желіcін дезинфекциялау және жуып-шаю жұмыстарын өткізеді.
Желілерді жуып-шаю жұмыстарын «Қызылжар су» ЖШС жыл сайын жүргізеді. Өйткені, су құбырлары тазартуды қажет етеді. Дезинфекция кезінде құбырдан немесе сырттағы су құдығынан суды алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге тыйым салынады. Мамандардың айтуынша, су берілгеннен кейін де оны бірден пайдаланбаған дұрыс.
— Сенбі күні профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 22 қыркүйекке қараған түні суды біртіндеп беріле бастайды, — делінген «Қызылжар су» ЖШС хабарламасында.