М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 3-ші оқу корпусы жабылды
Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 70 жыл бұрын салынған оқу корпусы апатты деп танылды. Нәтижесінде бұл ғимаратта білім алып жүрген студенттер нысанға көшірілді.
Жаңа оқу жылы басталғанымен М. Қозыбаев атындағы СҚУ үшінші корпусы жабық. 1958 жылы негізі қаланған тіл және әдебиет институтының ғимараты апатты деп танылды. Сондықтан мұнда білім алып жатқан 700-ге жуық студент пен оқытушылар басқа корпустарға ауыстырылған.
— Нысан кірпіштен қаланған. Уақыт өте келе ғимарат ескіріп, қирай бастады. Сондықтан сарапта жасалып, нысан апатты деп танылды. Енді жобалық-сметалық құжат әзірленіп, күрделі жөндеу жүргізледі, — дейді М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың басқарма төрағасы-ректоры Ербол Исақаев.
Алдын ала болжам бойынша оқу корпусын жөндеуге 1 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет.