Жарияланған күні: 06.09.2024
Вейп сатқандар ұсталды
Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз вейп сатумен айналысқан күдіктілерді анықтады.
Петропавл қаласы Мағжан Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында 24 жастағы қала тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қала тұрғынына тиесілі «Mazda» автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді «Telegram» арқылы сатқан.
Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 18 жастағы Петропавл тұрғыны Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 вейп тәркіледі.