Көшпенділер ойындары: Солтүстікқазақстандық балуан чемпион атанды
Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлесіміз 60 килограмм салмақта чемпион атанды. Мейіржан Берекетов финалдық белдесуде қарсыласынан басым түсті.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды. Осылайша, бүгін 8 салмақтан ел намысын қорғаған (4 ер, 4 әйел) балуандарымыздың барлығы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.
Ерлер арасында 60 килограмм салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов алтын медальді жеңіп алса, әйелдер арасында 56 килограмда белдескен Роза Нұрмахамметова қанжығасына бірінші орынды байлады.
Мейіржан Берекетов финалда әзербайжандық Е.Бакшиевты жеңсе, Нұрмахамметова шешуші бәсекеде ресейлік А.Фатихованы қапы қалдырды.
СҚО-да саңырауқұлақтан 7 адам уланды