СҚО-да «ақылды» камералар орнатылды
Өңірде 11 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін құрылғылар іске қосылды. Бүгінге дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.
Жол апаттарын азайту – полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімділігіне байланысты және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы сатып алды. Олар өңірдің көлік қозғалысы көп учаскелеріне орнатылды. Тағы екі кешен темір жол өткеліндегі, үш кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі заңбұзушылықтарды тіркейді, ал төрт кешен патрульдік автокөліктерге қойылған.
Бұдан бөлек, қала сыртындағы жолдардың қауіпті учаскелерінде «Кордон.Про»М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады. Бұл құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану фактілерін тіркейді.