Жарияланған күні: 11.09.2024
Бес асықтан Қазақстан сапындағы Сәния Әскер чемпион атанды
Бес асықтан қыздардан құралған ұлттық құрама мүшелері командалық сайыста бірінші орынды қанжығасына байлады. Қазақстан атынан солтүстікқазақстандық Сәния Әскер өнер көрсетіп, чемпион атанды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Жаңа оқулықтар сынақтан өтіп жатыр