Біржан Шаймерденовтің тұлпары Дүниежүзілік көшпенділер ойндарында топ жарды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жарыс жолына аузымен құс тістеген жүйріктер шықты. Соның ішінде құнан бәйгеге Қазақстан, Қырғызстан мен Моңғолиядан 15 сәйгүлік қатысты. 11 шақырымға созылған додада жерлесіміз Біржан Шаймерденовтің «Қамысқұлағы» мәреге оқ бойы озық келді.
Жарыс басталысымен Қырғызстаннан келген тұлпар суырылып алға шыққан. Ал «Қамысқұлақты» тізгіндеген Әмір Серік болса соңғы екі айналым қалғанға дейін тізгінді тартып отырды. Тек соңғы шақырымдарда ғана қамшы басты. Нәтижесінде жеңіс солтүстікқазақстандық спортшыға бұйырды. «Қамысқұлақтың» екпініне ешкім ілесе алмады. Құнан бәйгенің күмісі де, қоласы да отандастарымыздың еншісінде. Екінші орынға «Айшуақты» тізгіндеген Аңсар Арыстанбек көтерілсе, үшінші жүлделі орынды «Бақторы» атты тұлпарымен Ділнұр Нұрмұқаш иеленді.
Петропавлда студенттер мен шетелдік оқытушыларға арналған жатақхана ашылды