Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткі сатқан азамат сотталды

Сәуірдің басында 22 жастағы петропавлдық жеңіл ақша табамын деп есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істей бастаған. Бір айға жетер-жетпес уақытта оның бұл «жұмысы» 40 мың теңге табыс әкеліпті. Алайда көп ұзамай  полиция қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асырып жатқанда қолға түсірді.

Жеке тінту кезінде одан синтетикалық есірткі салынған түйіншектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде қаланың шеткері аудандарында және саяжай қоғамдастықтарының бірінде есірткі жасырған орындар анықталды. Жалпы салмағы 14,92 грамм болған  «α-PvP» есірткісі және 22,15 грамм мефедрон тәркіленген.

-Сот жігітті кінәлі деп тауып, он жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері облыста  есірткі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 25 адам сотталды. Олардың қылмыстық әрекеті орташа есеппен алғанда үш айдан аспайды, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

СҚО әкімі мен көлік министрі жол саласын дамыту мәселелерін талқылады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *