Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мемлекет меншігіне 25 мың га жер қайтарылды

Облыстық прокуратура бос жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекетке қайтару бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалаушы орган жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 497 млн теңге болатын жер учаскесін қайтарды. Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Нәтижесінде меншік иелерінен жалпы ауданы 25,1 мың га жер қайтарылды.

— Қадағалау шаралары арқылы сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — дейді өңір прокурорлары.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 700 үйдің құрылысы аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *