Жарияланған күні: 17.09.2024
СҚО-да 28 қызметкердің құқығы қорғалды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап алу фактілерін анықтады.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемеақыларды өтеу есебінен 1,3 млн теңге мөлшерінде жалақы ұсталған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз ұсталған сома өтелді.
— Қабылданған шаралардың нәтижесінде орталықтың 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды. Еңбек құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында, — делінген прокуратураның мәлімдемесінде.