Жарияланған күні: 17.09.2024
СҚО-да жалпыұлттық реферундумда өңірдің 375 мыңнан астам тұрғыны дауыс бермек
Жалпыұлттық реферундумның өтуіне санаулы күндер қалды. Небәрі 2 аптадан соң, СҚО тұрғындары өз таңдауларын жасады.
СҚО сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, биыл ел үшіне маңызды науқанға 375 мың 236 адам қатысады. Олар 591 арнайы қарастырылған учаскіде дауыс бермек. Оның 97-сі Петропавлда орналасқанын атап өткен жөн.
— Референдумда 606 комиссия жұмыс істемек. Оның 15-і аумақтық, қалғаны учаскелік комиссиялар. Аумақтық комиссиялардың 105, ал учаскелік комиссиялардың 3325 мүшесі бар. Референдум 6 қазан күні таңғы сағат 7.00-де басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады, — дейді СҚО референдум комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан.