Жарияланған күні: 18.09.2024
Өрт кезінде 220 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Петропавлда көп қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде құтқарушылар 220 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Петропавл қаласы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз жанған.
— Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталуда,-делінген хбарламада.