Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Театрда жаңа қойылым

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының   қоржыны тағы бір қойылыммен толықты.  Көрермен назарына ұсынылған  «Қол» атты қойылымға адамзатты алаңдатқан   жемқорлық мәселесі арқау болған. Пьесаның авторы – жазушы Сая Қасымбек.

Спектакльдің тұсаукесеріне жиналған халықтың қарасы қалың болды.  Олар ең алдымен өнер ордасының фойесіндегі фотокөрмені тамашалады.

Бөтеннің мүлкін иемденуді, өз пайдасын ғана ойлауды әдеттеріне айналдырған жандардың жымысқы әрекеттерін театр тілінде сипаттаған Сая Қасымбектің шығармасы көпшілікті таңырқатты. Әртістер көрерменге қулық-сұмдықтың қиянатын, жүрек тазалығының мәнін түсіндіргендей болды. Қойылым зұлымдықтың жұқпалы екенін ғана айтып қоймай, ақылға тоқтап, сол қолды тірек, оң қолды күш ету қажеттігін баяндады. Жарық сөне салысымен сахна төріне шыққан әртістер, дәл ортаға басшының орындығын сүйрей жөнелді. Өмірде сүрінбей, таршылыққа мойымай, барға қанағат етіп өмір сүруді аңсаған адам орындығына қарай асықты. Алайда, ол өз ойынан жеңіліп, жемқорлықтың қармағына түсті.  Оның бұл әрекетіне өзі ғана емес қос орынбасары да кінәлі. Жазушы жемқорлыққа қатысты қылмыстардың дені сыбайластық негізінде жүргізілетінін айтқысы келген.

Спектальді қоюшы режиссер Бекболат Құрманғожаев адамның   ақ пен қараға, жақсы мен жаманға  деген ұмтылысын  ажыратып көрсете білген. Жемқорлықтың адамды ғана емес, тұтас елді құртатынын  сахна өнерімен жеткізген оқиға көпшілік көрерменді ойландырғаны анық.

Петропавлдың барлық көше жолдарына асфальт төселеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *