СҚО әкімі мен АҚШ елшісі ынтымақтастық сұрақтарын талқылады
СҚО-ға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм бен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун келді. Кездесуде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Дэниел Розенблюм барлық салалардағы ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
Біздің өңір мен АҚШ арасындағы сауда байланыстары сәтті дамып келеді. Қазір тауар айналымы 5 миллион долларға жетті. Ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, білім беру салаларында өзара тиімді серіктестік жолға қойылған. Табысты мысал ретінде жергілікті жоғары оқу орнының Аризона университетімен ынтымақтастығын айтуға болады, қазір ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.
Сондай-ақ бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Makerspace» шығармашылық алаңының ашылуы өтті. Бұның барлығы қосымша инвестициялық мүмкіндіктер жасауға негіз болады.
«Дэниел Розенблюмге белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың дамитынына сенім білдірдім», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.