СҚО-да 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұр
Солтүстік Қазақстан облысында 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепке алынған. Яғни өңірдегі әр төртінші тұрғындарда созылмалы дерт бар, деп хабарлайды Законопослушный гражданин ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиал директоры Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, диспансерлік есепте тұрғандардың 73 мыңға жуығы жүрек зақымдануы басым гипертониялық аурумен дәрігер бақылауына алынған. Сырқаттардың ішінде егде жастағы науқастар да, жастар да бар. Мұндай науқастар өмір бойы учаскелік дәрігердің есебінде тұрады және дерттің қаупі орташа болған жағдайда жарты жылда бір рет, қауіптілігі жоғары болса 3 айда бір рет тексеріледі. Олар зертханалық-диагностикалық зерттеулер тапсырады және тегін дәрі-дәрмек алады.
Қант диабетімен 22,3 мың пациент есепте тұр, олар да ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес тексеріліп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.