Жарияланған күні: 01.10.2024
СҚО әкімі өңірдің қарияларымен кездесті
Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қарттар күніне орай аға буын өкілдерімен кездесіп, «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа балабақшаның жанына ағаштар отырғызды.
Өңір басшысы еліміз бен өңіріміздің экономикасына өлшеусіз үлес қосқан қарияларға алғыс білдірді. Олар Тәуелсіздіктің тоқырау жылдарында әр салада абыроймен еңбек етті. Бүгінде еңбек ардагерлерінің көбісі құрметті демалыста болса да, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр. Өмірлік бай тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар мен баталарын беруде.
— Сіздер бізге шабыт сыйлап, төзімділік пен қайсарлықтың үлгісі атандыңыздар. Айтулы күні барша қарияларға денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тілеймін! Әр күніңіз қуанышқа, жақындарыңыздың қамқорлығы мен жылуына толы болсын0, — деп құттықтады СҚО әкімі.