Жарияланған күні: 03.10.2024
СҚО-да референдум кезінде 300-ге жуық полицей кезекшілікке шығады
Ел үшін маңызды референдумда өңір полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың бас полицейі Айдын Қабдұлдинов мәлім етті.
Ведомство ақпаратына сәйкес, референдум күні Петропавлда 97 сайлау учаскесі жұмыс істеп, қоғамдық қауіпсіздікті қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД-ның жеке құрамы қамтамасыз етпек. Бұл ретте, ауысыммен 300-ге жуық қызметкер кезекшілік етпек.
Арнайы жиында полиция генерал-майоры Айдан Қабдұлдинов алдағы күндері тәртіп сақшыларының алдына қойылған міндеттерді жеткізді. Содан кейін ол қызметкерлердің сыртқы келбетін, жабдықтауды, құжаттарды, бейнетіркегіштерді тексерді.
Әскерге жіберу пункті жөндеуден өтуде