Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 4 адамда кене энцефалиті анықталды

Сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін өңірде кене шағудың 643 жағдайы тіркелді. Өткен аптаның өзінде 12 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Эпидемиолог-мамандардың айтуынша, тіркелген 643 деректің 28 пайызында қансорғыштар 14 жасқа дейінгі балаларды шаққан.

– Биыл 4 адамға кене энцефалиті және тағы соншасына лайм-боррелиоз диагнозы қойылды. Облыста Айыртау ауданы эндемиялық аудан болып есептеледі.  Мемлекеттік тапсырыс бойынша осы ауданда сәуір-қыркүйек айлары аралығында дезинсекциялық шаралар жүргізілді, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Экологиялық заңнама талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *