Жарияланған күні: 06.10.2024
Референдум: Әскери академия курсанттары өз таңдауларын жасады
Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясындағы 655-ші сайлау учаскесісі таңғы сағат 6:00-де ашылды. Биыл жоғары оқу орнының 78 курсанты алғаш рет референдумға қатысуға мүмкіндік алды.
Әскери академиядағы учаскіде 596 адам дауыс бермек. Оның ішінде әскери қызметшілер мен курсанттар бар. Небәрі бір сағаттың ішінде 200-ге жуығы өз таңдауларын жасады.
Ұлттық ұлан академиясындағы референдум учаскесінде дауыс беру үрдісі заң талаптарына сай өтіп жатыр.