Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Елімізде 10 мыңнан астам референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр

Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті. 

Константин Петров
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«ҚР Орталық референдум комиссиясы облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 249 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды», — деді ол.

Айтуынша, азаматтардың тізімдерінде 12 244 683 адам бар.

«Олардың ішінде 10 623-і дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 323 референдум учаскесі бар. Оның ішінде шетелде 47 учаске бар. Бір сағаттан кейін шетелдердегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат ұсынылады. Орталық референдум комиссиясы сағат10.00-ден бастап екі сағат сайын азаматтардың референдумға қатысуы туралы хабарлап отырады», — деді Константин Петров.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Петропавлда Ұстаздар күні аталып өтілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *