Жарияланған күні: 08.10.2024
Пойыз 22 ірі қараны соғып кетті
Алматы-Петропавл жолаушылар пойызының машинисі Жаңажол-Смирново арасындағы учаскеде шұғыл тоқтау амалдарын қолдануға мәжбүр болған. Алайда темір жолда жүрген малдың көптігінен пойыз тоқтау кезінде 22 бас ірі қара малды соғып кеткен.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі малдың иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Аққайың ауданының 45 жастағы тұрғынына темір жол жолағында мал бағу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.