Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Елордада қазанның 19-20-сы күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қазанның 19-ы мен 20-сы күндері Астана қаласында әлеуетті тауар өндірушілерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді. Биылғы сауда-саттыққа өңірімізден 735 тонна өнім жеткізіледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлауда. 

Аталмыш ведомствоның ақпаратына сәйкес, еліміздің астанасында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қыркүйектің 21-нен бастап өтуде. Әр демалыс сайын Қазақстанның өңірлері өз тауарларын тиімді бағамен елордалықтарға саудалауда. «Қазанат» ипподромында ұйымдастырылған шараға осыған дейін Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілері қатысты. Кезек солтүстікқазақстандықтарға да жетті.

Қазанның 19-20 күндері елордалықтарға өз өнімдерін Солтүстік Қазақстаннан баратын 110-нан астам кәсіпорын ұсынады. Астанаға өңірімізден қой, сиыр, жылқы, шошқа еті мен шұжықтар жеткізіледі. Сондай-ақ сауда сөрелеріне көпшілік сүйіп ішетін айран, қымыз, сүт және сүт өнімдері қойылады. Оған қоса, өңіріміздің омарташылары түрлі бал өнімдерін де саудалауды көздеп отыр.

—  Картоп, сәбіз, қырыққабат секілді көкөністер де сөрелерге қойылатын болады. Тауар өндірушілері бас қалаға 735 тонна өнім апарады және оның бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан болады, — дейді баспасөз қызметі.

СҚО-да ювеналды полиция инспекторы екі есірткі қылмысын анықтады

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *