Студенттерге жайлы жатақхана ашылды
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенттеріне арналған жаңа жайлы жатақхана ашылды. Жоғары оқу орны Мағжан Жұмабаев көшесінде орын тепкен.
Жақында ғана ЖОО-ның оқытушыларына арналған кең жайлы жатақхана қолданысқа берілген болатын. Енді міне, араға уақыт салып, студенттерге де арнайы жатақхана беріліп отыр. Заманауи ғимарат 1200 орынға шақталған. Тың нысанның салтанатты ашылуына қатысқан СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ғимараттың қолданысқа берілуімен құттықтады. Өз сөзінде өңір басшысы, бүгіндері өскелең ұрпақтың кедергісіз білім алуына барлық жағдай жасалып отырғанын тілге тиек етті. Кейін ол жатақхананы аралап көрді.
Жатақхана екі корпустан тұрады. Әрқайсысының 600 сыйымдылығы 600 студенттен екен. Барлық бөлмелерде жастарға қолайлы жағдай жасалды. Айта кету керек, бұл Петропавлдағы ең үлкен студенттер жатақханасы. Бұл нысанның ашылуы жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін түбегейлі жабуға мүмкіндік берді.