Ынтымақтастық туралы меморандум
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова, «Оқушылар сарайының» директоры Дина Әбілмәжинова, Петропавл әскери гарнизонының бастығы Қайрат Жәнібеков, №6637 әскери бөлімнің командирі Досан Күркенов, «Ауғанстан және жергілікті соғыс арардагерлері одағының» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Шамиль Шакиров және академия бастығы Артур Тоқушев Солтүстік Қазақстан облысының әскерге дейінгі жастары арасында әскери-патриоттық жұмысын нығайту бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл меморандум ұлттық бірлікті нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған. Оның мақсаты – жастар арасында патриотизмді қалыптастыру, ең жақсы дәстүрлер мен тәжірибелерді жеткізуде ұрпақ сабақтастығын сақтау. Сонымен қатар құжатта жастарды Отан алдындағы азаматтық борышты өтеуге бейімдеу де қарастырылған. Жастар әскери қызметке дайындық пен азаматтық жауапкершілікті сезіну арқылы өз міндеттері мен парыздарын түсінеді.
Петропавл тұрғындары жолаушылар қауіпсіздігіне алаңдаулы