Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ақжар ауданы әкімдігінің бөлім басшысына тәртіптік жаза қолдану ұсынылды

Облыстық Әдеп кеңесінде 5 мәселе қаралды. Оның бірі Ақжар аудандық әкімдіктің бөлімі басшысы қызметіне қатысты.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет материалы негізінде Ақжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспециясы бөлімінің жетекшісі Мархат Теміржан «Айдаһар» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз бола тұра, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жосықсыз жоюға ықпал жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Кеңес отырысында медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Батырхан Сарымсақовқа қатысты этика кодексін бұзу фактісі бойынша жоспардан тыс қызметтік тексеріс жүргізілді. Ол мекеменің іс жүргізу жөніндегі инспекторы Ильмира Құдайбергенованың жеке басына тіл тигізіп, ғайбат сөздермен ар-намысын қорлаған. Бейәдеп оқиға 24 тамыз күні орын алған.

Әдеп кеңесінің мүшелері Батырхан Сарымсақовқа қатаң сөгіс беру ұсынысымен келісті.

Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары ұятқа қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *