Жарияланған күні: 22.10.2024
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, оның барысында 2024 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
Осы кезеңде экономикалық өсім 10,7 пайызды құрап, негізгі салаларда да өсім байқалды. Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп және инвестиция тарту бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, тұрғын үй құрылысын күшейтуді және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.