Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да көлікпен жылқыларды қағып кетті

Қазанның 21-нен 22-не қараған түні Айыртау ауданында «Саумалкөл — Новоишим» автожолында 29 жастағы «Kia Rio» жүргізушісі жолға шыққан жылқыны қағып кетті. Осы сынды дерек Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда тіркелді.

Полиция ақпаратына сәйкес, «Toyota Hilux» автокөлігінің жүргізушісі екі жылқыны байқамай қағып кетті. Теміртұлпарды Көкшетау қаласынан келе жатқан 65 жастағы зейнеткер басқарғаны белгілі болды. Екі жағдайда да адамдар зардап шеккен жоқ. Көліктерге зақым келді. Ал жылқылар белгісіз бағытқа қарай шауып кеткен.

Бір апта бұрын М.Жұмабаев ауданының аумағында «Hyundai Creta» көлігін басқарған жүргізуші екі сиырды қақты.

– Полиция қызметкерлері еркін жайылым фактілерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, алайда жүргізушілер түнгі уақытта жолда абай болу керек, қиын учаскелерде, елді мекендерге жақын жерлерде, “Мал айдау” белгілерін орнату орындарында жылдамдықты төмендету керек, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *