Жарияланған күні: 22.10.2024
Интернет-алаяқтықтың 575 фактісі тіркелді
СҚО полиция департаментінде жедел кеңес өтті. Жиында интернет-алаяқтықтың жоғары деңгейіне назар аударылып, 9 айда осындай қылмыстың 575 дерегі тіркелгені айтылды.
Айдын Қабдұлдинов халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
– Полиция қызметкерлері, тіпті қарапайым өтіп бара жатқан адамдар ықтимал құрбандарды қылмыскерлерге ақша аударудан құтқарған көптеген мысал бар. Егер әрбір қызметкер профилактикалық жұмысты тиісті деңгейде жүргізсе, біз бұл қылмыстың деңгейін төмендете аламыз, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
СҚО-да көлікпен жылқыларды қағып кетті