Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Columbus
18 May
19°C
19 May
18°C
20 May
15°C
21 May
17°C
22 May
12°C
23 May
11°C
24 May
15°C
>
Columbus
18 May
19°C
19 May
18°C
20 May
15°C
21 May
17°C
22 May
12°C
23 May
11°C
24 May
15°C
More forecasts: New York weather 30 days
18:01:52Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Qyzyljar» креатив орталығы ашылды

Республика күні қарсаңында Петропавлда «Qyzyljar creative center» креативті индустрия орталығы ашылды. Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,  ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Әдиева, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, аудан әкімдері, жастар  және өңір жұртшылығы қатысты.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерде таланттарды тарту және шығармашылық өнімдерді коммерцияландыру ретінде Шығармашылық индустрия орталықтарын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асып отыр.

Жобаны СҚО әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырды. Ғимарат өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғыртылды. Шығармашылық жобаларды ауқымды ету үшін заманауи инфрақұрылым мен техникалық құрал-жабдықтар жасалды, инновациялық қондырғылар орнатылды.

Бұл мәдени мұра мен жаңа технологиялар ұштасатын Солтүстік Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына ықпал ететін инновациялық хаб. Орталықтың ашылуы шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету; жаңа жұмыс орындарын құру; креативті экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, жастардың кетуін азайту, дарынды жастарды қолдау, шығармашыл жастарды біріктіруге септеседі.

Әйелін соққыға жыққан қала тұрғыны сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *