СҚО-да сотталғандар жұмыспен қамтылған
Бүгін облыс орталығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен көрме өтті. Онда сотталғандардың қолымен жасалған тауарлар қойылды.
Бүгіндері өңірде түзеу мекемелерінде 17 кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетіп, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Оның нәтижесінде жазасын өтеушілер екі қолға бір күрек ұстап, «теміртордың» арғы жағында нәпақыларын тауып жатыр. Сондай-ақ бұл еңбектері арқасында бостандыққа шыққанда қалталарында ақша болмақ.
— Кәсіпкерлер палатасы мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында бұрыннан әріптестік бар, ортақ жұмысты атқарып жатырмыз. Өңірдегі түзету мекемелерін аралап шығып, өндіріске жарайтын орындарды көрдік. Соңғы екі жылда біз жазасын өтеп жатқан әйелдерді оқыттық, ерлер колониясында өндірісті ұйымдастырдық. Бүгін соның нәтижесі осы көрмеге қойылды, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Самаратова.
СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Виталий Алексеевтің айтуынша, түзеуу мекемелерінде қазіргі уақытта ағаштан, темірден, теріден түрлі бұйымдар жасалады. Тігін цехтары да ашылған. Нан-тоқаш өнімдері пісіріледі. Нәтижесінде 620 сотталған жұмыспен қамтылып, орташа айлық еңбекақы алады.
Қорғаныс бөгеттерін қалыпқа келтіруге 4.8 млрд. теңге бөлінді